ҰҚК сотқа дейінгі тергеуге араласу фактілері туралы хабарлады
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық іс қозғалған адамдарға қатысты алаяқтық фактілерінің көбеюі туралы хабарлайды.
«Алаяқтар айыпталушылар мен олардың туыстарының сенімін асыра пайдаланып, құқық қорғау органдарында және сот жүйесінде ықпалды байланыстары бар екені туралы ақпарат таратып, қылмыстық істерді оң шешуге уәде береді», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
2019 жылы «БТА банкі» АҚ басшылығынан 500 мың АҚШ долларын алған кезде Алматы қаласы МКД ЭТҚ қызметкері және оның екі делдалы ұсталды.
Сол жылы «Bank RBK» АҚ мен «Казкоммерцбанкте» жымқыру фактілері бойынша күдіктілерді қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз шығарғаны үшін 315 мың АҚШ долларын алған Е. А. есімді адвокат ұсталды.
«Bank RBK» АҚ бұрынғы басшылығына қарсы басты сот талқылауы сатысында тағы бір алаяқтық фактісі анықталды. 2020 жылдың қыркүйегінде ҰҚК жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша сотталушыдан 5 мың АҚШ долларын алған Алматы қаласының И. М. атты тұрғынын ұстады. Бұған дейін ол 100 мың доллар алған.
Сотқа дейінгі тергеу және сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.