Ауруханалар тәулігіне 70 мың науқасты қабылдауға дайын
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде қандай жағдайда қатаң карантин режимі енгізілетінін мәлім етті.
«Егер науқастар саны тәулігіне 30 мың адамға жететін болса, әлбетте, елде қатаң карантин режимі енгізіледі. Бұл ең басты көрсеткіш. Бірақ денсаулық сақтау жүйесі тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 мың науқасты қабылдауға дайын», - деді Бағдат Қожахметов.
Айта кететіні, қазіргі таңда Қазақстанда КВИ-ге шалдыққандар саны 106 661 адамды құрап отыр.