Қытайда COVID-19 вакцинасының мұрын спрейі түріндегі клиникалық сынақтары мақұлданды

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцинация бес технология ішінен таңдалған

 

Сянган университеті коронавирусқа қарсы вакцинаны мұрын спрей түрінде клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат алғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуаға сілтеме жасай отырып.

Вакцинаны Сянган университетінің микробиология факультеті жанындағы Жаңа жұқпалы аурулардың мемлекеттік негізгі зертханасы Сямэнь университетімен және Пекин фармацевтикалық компаниясы Beijing Wantai Biological Pharmacy бірлесіп жасаған.

«Бұл COVID-19-ға қарсы мұрын спрей түріндегі алғашқы вакцина, ҚХР Мемлекеттік дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін мақұлдады»,- делінген хабарламада.

Сянган университетінің мәлімдемесінде бұл вакцинаны зерттеу бағдарламасы ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің одан әрі бағалауы үшін вакцинацияның бес технологиясының ішінде таңдалғаны айтылған.