Алдағы тәулікте еліміздің батыс өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін
Синоптиктер 10-13 қыркүйек аралығына. арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Алдағы үш күнде еліміздің батысында жаңбыр жауады.
«Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жаңбыр жауады. Алдағы тәулікте батыста қатты жаңбыр жауады, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін»,— делінген хабарламада.
Синоптиктер республиканың қалған аумағындағы ауа-райын антициклон анықтайтынын, онымен бірге құрғақ, салыстырмалы түрде жылы ауа райы болатынын атап өтті.
Айта кету керек, тамыз айында Қазақстанда жауын-шашын бойынша бірнеше рекорд орнатылды.