Елімізде 8 қыркүйекте тағы 73 адамның ағзасынан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ВАК.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 106 488 адамға жетті. Оның ішінде:
- Алматы қаласында - 14288(+4),
- Нұр-Сұлтан қаласында -19911(+19),
- Атырау облысында - 10967(+6),
- Қарағанды облысында - 10159(+6),
- Шығыс Қазақстан облысында - 8327 (+16),
- Батыс Қазақстан облысында - 6795(+3),
- Шымкент қаласында -5182(+1),
- Алматы облысында - 4910(+1),
- Жамбыл облысында - 4102(+1),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 3995(+5),
- Павлодар облысында - 3863(+3),
- Қостанай облысында - 3438(+2),
- Ақмола облысында - 3428(+4),
- Түркістан облысында - 3344(+1),
- Маңғыстау облысында - 3334(+0),
- Қызылорда облысында -3231(+0),
- Ақтөбе облысында -3224(+1).
Айта кетейік, коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтар саны – 1640 адам. 10 042 науқас ауруынан айығып шықты.