Елде дертке шалдыққандардың саны 6 миллион 300 мыңға жуықтаған
АҚШ-та соңғы бір тәуліктің өзінде 31 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 403 науқас көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл мәліметті Джонс Хопкинс университеті ұсынған.
Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен біршама төмен десек те, жағдай әлі көңіл көншітерліктей емес. Сенбі күні Құрама Штаттарда қауіпті кеселді 44 мыңнан астам тұрғынның жұқтырып, аурудан 783 науқастың қайтқаны хабарланған еді. Жалпы, қазір Америка індет ең көп таралған ел болып тұр. Мұнда дертке шалдыққандардың саны 6 миллион 300 мыңға жуықтаған.