Қазақстанда бір тәулікте 139 адам коронавирустық пневмония жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 139 адамнан коронавирустық пневмония анықталды. 1 адам қайтыс болып, 2 адам жазылып шықты, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

1 тамыз бен 7 қыркүйекк аралығында барлығы 27 762 адам COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырса, 314 адам көз жұмған. Ал 5959 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 073 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 863  науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы, науқастардың арасында 140 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.