Францияда коронавирус қайтадан өршіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ел COVID-19 індетін жұқтыру деректерінің өсімі бойынша Еуропаның өзге елдерінен бірнеше есе алда 

Фото: ашық дереккөзден

Францияда коронавирус қайтадан өршіп кетті , деп хабарлайды «Хабар24». Сарапшылар бұған сенімді, деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, бүгінде Франция коронавирус жұқтыру деректерінің өсімі бойынша Еуропаның өзге елдерінің көрсеткішінен бірнеше есе алда. Мәселен, бұған дейін елде бір тәулік ішінде 9 мыңнан астам адамнан вирус табылған болатын. Бұл – індет басталған уақыттан бергі Франциядағы ең үлкен өсім.