7 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөзден

7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмоланың кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Алматы, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсі мүмкін.

Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.