Аз қамтылған отбасылардың балалары үшін гранттар саны бір жарым есеге артқан
861 түлек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың грантына ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Биыл әкімдіктен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге 861 грант бөлінді. Резидентурада дәрігерлерді оқытуға 300-ге жуық грант, педагогикалық мамандықтарға 485 грант бөлінді.
Көлгіновтың айтуынша, аз қамтылған отбасылардың балалары үшін гранттар саны бір жарым есеге артқан. Бұл гранттар ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға бөлінді. Түлектер IT-технологиялар, стоматология, жалпы медицина, әлеуметтік жұмыс, инженер, электроника және энергетика, мұғалім, шет тілі, көлік қызметі және логистика, құқық, туризм және т.б. мамандықтар бойынша оқуға түсті.
«Сонымен қатар, мемлекет жыл сайын мыңдаған грант бөледі, Елбасы «Болашақ» бағдарламасы бойынша студенттер шетелдік білім ала алады. Бұл – тек күнделікті еңбегімен және білімімен қол жеткізуге болатын табыс. Барлық мамандықтар маңызды. Ең бастысы – еңбек ету», - деп жазды әкім өзінің Instagram парақшасында.