Бразилияда бір күнде 30 мыңнан астам COVID-19 жағдайы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Елде ауырып жатқандар саны – 4 123 000 адам

Бразилияда бір тәулікте 30 168 жаңа коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды RT.

Елде тіркелген COVID-19 жағдайларының жалпы саны 4 123 000-ға дейін өсті. Бұл туралы Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде мәлімдеді. 

Бір тәулік ішінде елде COVID-19 расталған 682 науқас қайтыс болды. Бразилиядағы өлім-жітімнің жалпы саны 126 203-ке жетті. Коронавируспен ауыратын 3 296 702 науқастың емделгені көрсетілген.