«Интригаларды талдауға уақыт жоқ»: Ұлттық тестілеу орталығының директоры мәлімдеме жасады 

Автор: Azattyq Rýhy

Ол БҒМ-ға ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын айтты

Фото: ашық дереккөзден

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов facebook-тегі парақшасында Ufuture компаниясына қатысты шағымын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«БҒМ-ға кезекті ақпараттық шабуылдың болғанын байқаған боларсыз және де қолданып отырғандары сол баяғы ресурстарZ Мүмкін бірден жауап беру керек пе еді, дегенмен нақты іспен айналысып, тәулік бойы жұмыс істеп жүргендіктен (ал нәтижесімен Сіздермен үнемі бөлісіп отырамын) түрлі пәле іздеушілерге уақыт та табылмайтыны рас. Осыған дейін біреудің «пайда әкелетін орнын» жауып немесе ғасырлар бойы жоспарларын бұзғаннан кейін өте тиянақты түрде ұйымдастырылған медиа бопсалау әрекеттерінің бірнеше рет куәгері болған едіңіз)», - деп жазды Дидар Смағұлов.

Ол сөз төркіні оскарға татитын мәлімдемелерімен баршаға танылған  UFuture немесе UStudy атауымен таныс компаниясы жайлы екенін, өткен жылдың қараша айында Министрлік олармен МЖС келісімшартына отырғанын айтты. 

«Айта кететін жайт, осы талпыныстарын 2017 жылы бастаған еді, бірақ үнемі жабық есіктерге кенеліп, бюрократиялық арпалысқа тап болып жүрген. Айтпақшы, БАҚ-та осыдан аз уақыт бұрын бұл жөнінде өздерінің алғыстарын жеткізген мақаланы табуға болады. Шынтуайтында ол кезде жоба бюджеті мүлдем басқа еді, қаншалықты оны қайырымды және тегін етіп көрсеткісі келгенімен, жігіттер өз қызметтері үшін мемлекеттен қомақты ақша алуды жоспарлаған. Жоба сол күйінде қала беруші де еді, дегенмен Білім және ғылым министрлігі өткен жылы тестілеудің объективтілігі мен ашықтығына бағдар алған болатын, өйткені бұрын бұл тестілеудің қалай өткенін барлығы біледі», - деп жазды Смағұлов.

Оның айтуынша, тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етумен қатар қаражатты үнемдеу мақсатымен бұл жобаны қолдап, 3 түрлі тестілеуді жеке меншікке өткізу табыстады: педагогтар тестілеуін (ҰБТ), орта және жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау тестілеуін (ЖБ мен ОБ ОЖСБ). 

«Демек, компания бұл тестілеуді өткізеді, ал мемлекет қаржыны үнемдеп осы үшін ештеңе төлемейді, компанияның бар пайдасы – тек  ақылы байқау сынақ тестілеуін өткізуге құқығын алатынында. Сонымен қатар, компания желіні 20-дан 50-ге дейін, содан соң 100-ге дейін кеңейтуге уәде берген болатын. Осылайша ашықтықты, қауіпсіздікті және ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ете отыра. Өкінішке орай, біз барынша өз күшімізбен қолдауға тырысқанымызбен, тәжірибе сәтті болмай шықты...тіпті компания қазір өз тиімділігін қаншалықты күшті етіп көрсеткісі келгеніне қарамастан», - деп жазды ол.