ТМД ойындары бір жылға шегерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін ТМД ойындары пандемияға байланысты қыркүйекке шегерілген еді

Фото: olympic.kz

ТМД елдері арасында алғаш рет өтеді деп жоспарланған ТМД ойындары 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, деп хабарлады Olympic.kz.

«Пандемияның әлемде жалғасуына байланысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған. ТМД ойындары Ресейдің Қазан қаласында 20-27 тамыз күндері өтеді деп жоспарланған еді. Алайда, ойындар коронавирус пандемиясына байланысты қыркүйекке ауыстырылған болатын.», - деп жазылған ақпаратта.

Аталған ойынға 14-тен 23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрінен 284 жүлде жиынтығын сарапқа салады делінген. Ұйымдастырушылардың болжауынша, 11 елден, атап айтқанда, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украинадан 3500-ге жуық спортшы қатысады.  

Тегтер: