25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 589 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 29 бала бар. Стационарларда 2 839 науқас жатыр. 2 750 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады.