Биыл 145 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді - ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл 12 жасырын есірткі зертханасының әрекеті тоқтатылды

Фото: баспасөз қызметінен

Биыл Қазақстанда 12 жасырын есірткі зертханасының әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл ұлттық қауіпсіздік органдары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты. Жалпы, заңсыз айналымнан 145 келіден астам синтетикалық сипаттағы есірткі мен 2,5 тонна химиялық прекурсор тәркіленді», - делінген хабарламада.

Өндірілген есірткі ірі партияларда көлеңкелі сегментінде әрекет ететін есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Сонымен бірге, есірткі үшін ақы электронды төлем жүйесі арқылы қабылданған.