ШҚО-да үш алаяқ тұрғындарға 1 млн теңге шығын келтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар спорт жарыстарына ақша тігіп, пайдаға кенелтуге уәде берген

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар тұрғындардан 1 млн теңге алып, спорт жарыстарынан пайдаға кенелтетінін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Өскемен қаласының үш тұрғыны интернет-алаяқтықтың 90 эпизодына кінәлі деген күдікке ілінген. Олардан бес телефон мен төрт банк картасы тәркіленген.

«Ұсталған үш адам  Instagram желісінде спорт жарыстарына ақша тігіп, тұрғындардың қаражатын еселеп беруге уәде берген», - деді ШҚО ПД өкілдері.

Олар үш тұрғынға 1 млн теңге шығын келтірген.