Қазақстанда өткен тәулікте 89 адам коронавирус жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 121

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 89 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 3 қыркүйек 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 89 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде, 21 адам клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 13 / 0

Алматы қаласы - 10 / 2

Ақмола облысы - 5 / 2

Алматы облысы - 2 / 1

Атырау облысы - 9 / 4

Шығыс Қазақстан облысы - 16 / 2

Жамбыл облысы - 4 / 2

Батыс Қазақстан облысы - 2 / 0

Қарағанды облысы - 8 / 3

Қостанай облысы - 3 / 0

Павлодар облысы - 4 / 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 7 / 1

Түркістан облысы - 6 / 3.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 106 121 адам.