Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалану тәртібін кім жазады

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Үкімет БЖЗҚ-дан кім қанша теңге алатынын айтты 

Фото: ашық дерек көзінен

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осы мәселедегі алдын ала ұсынысты жария етті 

«Бұл мәселені шешу үшін уәкілетті оператор белгіленетін болады. Ол - ұсыныс бойынша Тұрғын үй жинақтаушы банкі болады. Оның тәртібін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді», - деп мәлім етті Нұрымбетов. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші қыркүйек күні жасаған Жолдауындағы тапсырмаларды орындау туралы брифинг өткізген Үкімет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін кім және неше жасында ала алатыны туралы толық ақпарат беріп жатыр.