Жарыс 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтуі керек еді
Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы коронавирус індетіне байланысты өткізілмейді. Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
«ISU Challenger санатындағы жарыс 2020 жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Алматы қаласында өту тиіс болатын», - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетелік, Денис Тен мемориалы алғаш рет 2019 жылы өткізілді. Халықаралық турнирде ресейліктер Дарья Усачева мен Даниил Самсонов топ жарған еді.