Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандарға 41 мың теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Той 19 тамызда Атырауда өткен

Фото: ашық дереккөзден

Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандар 41 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың үйлену тойының суреттері тарап кеткен еді. Тойдың Атырауда карантин кезінде өткені анықталды.

«19 тамызда Атырауда карантин талаптарына қарамастан той өткізуді ұйымдастырғандарға 15 АЕК (41 мың теңге) айыппұл салынды», - деп жазылған ақпаратта.

Ал қарындасын ұзатқан Төреғали Төреәлінің карантин талаптарын бұзғанын анықтау мүмкін болмады. Материалда құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын дәлелдемелер жинау жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, оларға айыппұл салынбайды.