Өзбекстан Қазақстанмен тұрақты әуе рейстерін жандандырады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Өзбекстанның Көлік министрлігі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Қыркүйектен бастап Өзбекстанның Түркия, БАӘ, Беларусь және Қазақстанмен тұрақты рейстерін жаңғырту мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі uznews сайтына сілтеме жасап.

«Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден Өзбекстанға ұшатын («Қызыл рейстер») жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған тесттің қорытындысын ұсынуы керек. Сертификат ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы тиіс», - деп жазылған ақпаратта.

Коронавируспен ауыру деңгейі төмен елдерден («Сары рейстер») Өзбекстанға келетін адамдар ПТР немесе экспресс-тестпен жүргізілген коронавирустың жоқтығы туралы сертификат ұсынуы қажет.