Жаздың соңғы күні ауа райы жылы болады
31 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Ауа температурасы 25-33 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста, оңтүстікте жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да жел күшейеді.
Атырау, Ақтөбеде және Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Атырау, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының батысында өрт қаупі жоғары.
Елордада жауын-шашынсыз. Күндіз 29-31 градус жылы болады.
Алматыда күн алабұлтты, 29-31 градус жылы.
Шымкентте жаңбыр жауып, 27-29 градус жылы болады.