Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар саны 284-ке жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 543 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Сoronavirus2020.kz сайты 30 тамызда тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 543 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 32 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 658, 284 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 549-ға жетті», - деп жазылған ақпаратта.