Шектеу шаралары 30 тамызда күшіне енді
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жұмабек Ержанов карантинді ұзарту туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 30 тамыз сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын», - делінген қаулыда.
Жаңа қаулы бойынша, салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, 65 жастан асқан адамдар үшін серуендеу шектеледі, бұрын қолданылған барлық шектеулер сақталады.
Сондай-ақ, бұрынғыдай қалада жүргенде медициналық маска кию және кемінде 2 метр қашықтықты сақтау міндетті болып қала береді.