Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандардың саны 282-ге жетті
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 483 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 483 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 218 адам емделіп шықты», - деп жазылған хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 115, 282 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 517-ге жетті.