Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
29 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында, күндіз батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста дауыл болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шанды дауыл тұрып, 15-23 м/с екпінде жел соғады.
Жамбыл, Қарағанды, Шағыс Қазақстан областарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының шағысында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.