Ақмола облысында екі құс фабрикасы ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

2027 жылға қарай елімізде құс етін өндіруді 700 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған

Ақмола облысында 15 млрд теңге жұмсалып, екі құс фабрикасы іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS -ке сілтеме жасап.

Жаңа жоба Атбасар ауданында жүзеге асырылуда. Оны іске қосу 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Ақпаратқа сәйкес, жобаны іске асыру 215 млн теңгеге бағаланады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты-50 мың бас тауықтың мекиені, атап айтқанда, жылына 11,5 млн дана жұмыртқа шығару күтілуде.

Екінші жоба Бұланды ауданында іске қосылады. Оның да іске қосылуы 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Құс фабрикасының ашылуы 14,8 млрд теңгені құрайды. Өндіріс қуаты жылына 250 тонна құс етіне тең.

Екі құс фабрикасын іске қосу есебінен өңірде 123 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы құны - 15 млрд теңге.  

Айта кетерлігі, биыл жалпы қуаттылығы жылына 103 мың тонна құс етін құрайтын сегіз жоба іске асырылуда. Ал 2027 жылға қарай елімізде құс етін өндіруді 700 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.