Беларусь Республикасында екі жүз мыңнан астам адам Лукашенкоға қарсы наразылық шеруіне шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Олар президенттің отставкаға кетуін талап етіп жатыр

Фото: reuters.com

23 тамыздың екінші жартысында Минск қаласы мен тағы бірнеше қалада «Жаңа Беларусь маршы» атты кезекті жалпыұлттық наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі TUT.BY-ке сілтеме жасап.

Наразылыққа қатысушылар Лукашенконың отставкаға кетуін, әділ сайлау өткізуді, саяси тұтқындарды босатуды талап етіп жатыр

Айта кету керек, республикада наразылық шеруі 9 тамыздан бастап өтіп келеді.