11 мыңнан аса армян көлігі тіркеуден өтті - ІІМ

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы үш мыңға жуық армян көлігі тіркеуден өтуі керек

Фото: ашық дереккөзден

Армениядан автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталуға жақын қалды. Тағы үш мыңға жуық армян көлігі тіркеуден өтуі керек, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 11 мыңнан аса автокөлік тіркелген.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтың айтуынша, тағы 3000-ға жуық көлік тіркеуден өтуі қажет. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Оған қоса, ІІМ өкілі сұхбатында мемлекеттік органдарды армян нөмірлері бар автомобильдер мәселесіне ерекше назар аударуға мәжбүр еткен бірнеше факторға тоқталды.