COVID-19: 75 науқас ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 944 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олардың арасында 53 бала бар. Стационарларда 5 715 науқас жатыр. 6 229 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

«Жалпы науқастардың арасында 333 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 75 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.