Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
23 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Қостанай облысында таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан, Атырау облыстарында жел күшейіп, найзағай жарқылдайды. Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.