Елордада 20 бағдарға қосымша автобус қосылады

Автор: Azattyq Rýhy

Осылайша автобустардың жалпы саны 781-ге жетеді

Фото: баспасөз қызметінен

24 тамыздан бастап тағы 20 бағдарға қосымша автобус қосылады. № 2, 8, 9, 13, 17, 24, 28, 32, 34, 35, 37, 41, 47, 48, 56, 60, 61, 71, 80, 81 бағдарлары көбейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CTS компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 тамыздан бастап қосымша қалалық бағдарларға 49, ал қала маңына қатынайтын бағдарларға 67 автобус саны артады. Осылай олардың жалпы саны 781 болады. Автобустардың санын көбейту шешімі жолаушылар ағынын талдау негізінде қабылданды. Оның мақсаты – карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты жолаушылар ағынын азайту», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін 23 бағдарға автобустар қосылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлік жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады. Жолаушыларға автобус ішіне бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Барлық бағдарларда жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді. Балалар валидация жасау міндетті.