22 тамызға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел, тұман болады

Фото: ашық дереккөзден

Сенбі еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, дауыл соғуы мүмкін, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынын кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.