235 миллион адамның жеке мәліметтері желіге тарап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Мәліметтері тарап кеткендердің көбі Instagram, YouTube және TikTok қолданушылары

Фото: ашық жереккөзден

Instagram, TikTok және YouTube әлеуметтік желілерінің 235 млн қолданушысының жеке деректері желіге тарап кетті. Бұл жағдайды Comparitech компаниясының киберқорғаныс бөлімінің басшысы Боб Дьяченко байқап қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «РЕН ТВ» телеарнасына сілтеме жасап. 

«Оның ішінде 192 млн жазба Instagram қолданушыларына тиесілі екені жазылған. Сонымен қатар TikTok-тың 42 миллион аккаунты, YouTube-тің 4 млн аккаунты бар. Сарапшылардың айтуынща, бұл адамдардың логині, аты-жөні, суреттері, байланыс нөмірлері ғана емес, аккаунттардың статистикасы да тарап кеткен», - деп жазылған ақпаратта.