Қала әкімі алматылықтардың сұрақтарына жауап берді
«Алматы» телеарнасының эфирінде Бақытжан Сағынтаев карантиндік шараларды жеңілдетудің барысы және ШОБ кәсіпорындары мен нысандарының жұмыстарын қайта бастағандары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, Бақытжан Сағынтаев барлығымыздың өмірлік нормамызға айналуы тиіс эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін атап өтті.
Алматы әкімі вирустың таралу тізбегін жою мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарға баруға уақытша тыйым салынғанын еске салды. Сонымен қатар демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысын тоқтататынын айтты.
Айта кету керек, Алматыда 19 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19-дың 13938 оқиғасы тіркелген. Олардың ішінде 11 935 адам, яғни, науқастардың 85 пайызы жазылып шықты.