Бір тәулікте КВИ тәріздес пневмонияның 1081 жаңа жағдайы анықталды
Елімізде өткен тәулікте 1 081 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша 1 081 жаңа жағдай және 11 кісі өлімі тіркелді.
Жалпы алғанда, 1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша 19 754 жағдай тіркелген. 231 адам қайтыс болды.