Оның ішінде, ең көп адам өлімі Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында тіркелді
Елімізде 10-16 тамыз аралығында коронавирус инфекциясынан 146 адам қайтыс болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Өңірлер бойынша:
Ақмола облысында – 6;
Алматы облысында-7;
Атырау облысында - 10;
Батыс Қазақстан облысында - 15;
Шығыс Қазақстан облысында - 27;
Ақтөбе облысында - 4;
Жамбыл облысында – 2;
Қарағанды облысында – 13;
Қызылорда облысында - 1;
Павлодар облысында -6;
Солтүстік Қазақстан облысында – 2;
Түркістан облысында - 2;
Нұр-Сұлтан қаласында – 20;
Алматы қаласында – 25;
Шымкент қаласында - 6 адам.
Қазақстанда COVID-19 індетінен барлығы 1415 адам қайтыс болды.