Нұрәлі Әлиев өмірден озған бауыры жайлы видео жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Айсұлтан Назарбаев 16 тамызда қайтыс болды

Скриншот: YouTube

Нұрәлі Әлиев кеше өмірден озған бауыры Айсұлтан Назарбаев жайлы видео жариялады. Отбасылық фотолар топтастырылған видео Instagram желісінде жарияланды.

«Қадірлі бауырым, дәл қазір менің қандай күйде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менімен бірге қаласың. Сені үнемі жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын», - деп жазды Нұрәлі Әлиев.

Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болды. Өлім себебі анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.

Еске сала кетейік, Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты пікір білдірді.