Қазақстанның солтүстік облыстарында күн суытады

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер елімізге күздің ерте келгенін айтып отыр

Алдағы үш тәулікте еліміздің солтүстік облыстарына суық циклон келіп, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында күннің салқындауымен бірге жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн күркірейді. Сондай-ақ, кей аймақтарда бұршақ жауып, дауылды жел тұрады деп күтілуде. Ауа температурасы 15-20 градус нөлден жоғары.

Оңтүстік облыстарда ыстық ауа райы сақталады. Дегенмен, кей жерлерде өткінші жауын жауады дейді синоптиктер. Күндіз ауа температурасы +30 градустан +35 градусқа дейін ысиды.