Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбіде 141 адамнан пневмония анықталды

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус симптомдары бар пневмония 141 адамнан анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан бүгінге дейін ауырғандардың жалпы саны – 18606.

218 адам қайтыс болған.