Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы шықты
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, демалыс күндері бірқатар нысанның жұмысына тыйым салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қаулыға сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына тыйым салу өзгеріссіз қала береді. Ал сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады. Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары жұмысы істемейді.
Сондай-ақ сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысы уақытша тоқтайды. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар жұмыс істемейді. Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысы, ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтата тұру бойынша шектеу шараларын енгізу қамтамасыз етіледі.