Павлодар облысында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 2,4 есеге азайған

Автор: Azattyq Rýhy

Күнделікті коронавирус жұқтырушылар саны 84-тен 35-ке дейін азайды

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы 4 аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай азайған. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Соңғы 4 аптада өңірімізде ауру жұқтыру 26,8 пайыздан 7,2 пайызға дейін азайды. Күнделікті коронавирус індетін жұқтырушылар саны 84-тен 35-ке дейін азайып, 2,4 есеге кеміді», - деді Батырбек Әлиев.

Павлодар облысының COVID-19 жұқтырудың 3663 жағдайы тіркелген. Оның 68,9 пайызы Павлодар қаласына тиесілі.