Дариға Назарбаева: Отбасымыз сарыла қайғыруда

Автор: Azattyq Rýhy

Ол орны толмас қазаға халықтың түсіністік танытатынына сенім білдірді

Фото: ашық дереккөзден

Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты пікір білдірді. Оның сөздері Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз», - деп жазылған жазбада.

Естеріңізге сала кетсек, Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда көз жұмды.