Атырауда 1 млрд теңгеге салынған өрт депосы жұмыс істемей тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Құрылыс жобалық-сметалық құжаттарға сай жүргізілмеген

Фото: ашық дереккөзден

Атыраудағы Самал шағынауданындағы 1 млрд теңгеге салынған өрт депосы жұмыс істемей тұр. Депоның құрылысы «қағаз жүзінде» толығымен аяқталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

«Тексеріс барысында депо құрылысына бюджеттен 1 млрд теңге бөлінгені және тапсырыс беруші нысанды былтыр тамыз айында қабылдап алғаны анықталды. Дегенмен, құрылыс жобалық-сметалық құжаттарға сай жүргізілмеген, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілмеген, сонымен қатар су, жылу және электр желілері де жарамсыз болып шықты», - деп жазылған ақпаратта.

Атырау облысы ТЖД объектіні қабылдаудан бас тартқан, сондықтан депо жұмыс істемей тұр. Іс материалдары тергеу жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.