Нұрымбетовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды
11 мамырда Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты Нұрымбетовты үй қамауына алу туралы өтінішті қанағаттандырды
Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бұрынғы басшысы Тимуржан Нұрымбетовты үйқамақта ұстау мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды.
Тимуржан Нұрымбетовқа қатысты іс сотқа 336-бап (Пара алу) және 128-бап бойынша (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру) бойынша берілді.
Осы жағдайға қатысты Т. Нұрымбетовтен бөлек, тағы бес адамның ісі қаралып жатыр. Олар: Нұрзипа Молшылыққызы Романова, Ғалымжан Тұрдашұлы Сарымсақов, Аида Асқарқызы Өтеулина, Нұрлан Әбдіғалиұлы Ақпаев.
Тараз қалалық №2 сотының Tengrinews.kz сайтына хабарлауынша, Тимуржан Нұрымбетовты үйқамақта ұстау мерзімі 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылған.
Еске сала кетейік, 14 сәуірде «Время» басылымы Тимуржан Нұрымбетов 9 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Аталған хабарламада бұрынғы басқарма басшысы 2019 жылдың 26 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің күдігіне ілінгені айтылған.
11 мамырда Бас прокуратура Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты Нұрымбетовке қатысты бұлтарпау шарасы ретінде үй қамауына алу туралы өтінішті қанағаттандырғанын хабарлады.
Тимуржан Нұрымбетов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың туған бауыры.