Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берді

Автор: Дәулет Ботагөз

Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады

Фото: Ақорда

Елімізде мәслихаттары депутаттарының сайлауы жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша елімізде тізімге енгізілген сайлаушылардың 53,86% өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, сағат 16:00-дегі белсенділік бойынша Түркістан (69,84%), Жетісу (68,03%) және Қызылорда (67,36%) облыстары көш бастап тұр. Ал республикалық маңызы бар қалалар арасында Шымкент(40,23%) алда келеді.

Барлық өңір мен мегаполистердегі көрсеткіштер төмендегідей:

  • Абай облысы — 63,02%;
  • Ақмола облысы — 53,16%;
  • Ақтөбе облысы — 66,19%;
  • Алматы облысы — 56,25%;
  • Атырау облысы — 51,17%;
  • Батыс Қазақстан облысы — 52,27%;
  • Жамбыл облысы — 56,31%;
  • Жетісу облысы — 68,03%;
  • Қарағанды облысы — 53,42%;
  • Қостанай облысы — 54,15%;
  • Қызылорда облысы — 67,36%;
  • Маңғыстау облысы — 56,17%;
  • Павлодар облысы — 55,89%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 56,58%;
  • Түркістан облысы — 69,84%;
  • Ұлытау облысы — 51,53%;
  • Шығыс Қазақстан облысы — 61,47%;
  • Астана қаласы — 39,91%;
  • Алматы қаласы — 33,73%;
  • Шымкент қаласы — 40,23%.

Еске салайық, сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады, ОСК жаңартылған мәліметтерді кезең-кезеңімен жариялайды.