Қазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны 101 мыңнан асты 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 517 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 239 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 38 / 12
  • Алматы қаласы - 52 / 23
  • Шымкент қаласы - 10 / 7
  • Ақмола облысы - 32 / 14
  • Ақтөбе облысы - 10 / 6
  • Алматы облысы - 21 / 20
  •  Атырау облысы - 20 / 19
  • Шығыс Қазақстан облысы - 85 / 25
  • Жамбыл облысы - 19 / 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 39 / 23
  • Қарағанды облысы - 56 / 13
  • Қостанай облысы - 27 / 9
  • Қызылорда облысы - 4 / 1
  • Маңғыстау облысы - 21 / 20
  • Павлодар облысы - 19 / 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 33 / 7
  • Түркістан облысы - 31 / 26.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 101372 адам, олардың 1313-і қайтыс болды.