Екеуінің де жағдайы жақсы
Астанада салмағы 6 келі 140 грамм, бойы 64 сантиметр болатын алып батыр дүниеге келді. Нәрестенің анасы Жұлдыз Әбдікәрімова сағат 08:25-те босанған. Бұл туралы Астана қалалық перинаталдық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің салмағы үлкен болғандықтан, дәрігерлер әйелді кесер тілігі арқылы босандырып алған.
Оқи отырыңыздар: Димаш Құдайбергенді Перу халқы әуежайдан қаумалап қарсы алды
Қазір ана мен баланың жағдайы тұрақты. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында.
Сүйінші жаңалыққа қуанған халық: ««Құтты болсын!», «Бауы берік болсын!», «Тіл көзден аман бол!», «Міне, біздің батыр дүниеге келді», - деп жылы лебіздерін жазды.
Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.