Қызды қойға теңеген - Шымкентте бойжеткенге стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамалды

Автор: Тәжібай Әлия

Оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған 

Фото: скриншот

Шымкенттегі кофеханалардың бірінде болған жанжалға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға кезінде бір әйел жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін әлеуметтік желіде осы жағдайдың видеосы тарады. Жапа шеккен Диана Болшынбаеваның айтуынша, үш құрбы жиналып кофеханада тамақтанып отырған кезде жанындағы үстелге бір топ ер адам келіп жайғасқан. Олар шулап, қыздардың ақырын сөлеуін сұрағанын да елемеген. Тіпті арулармен танысқылары келген көрінеді. Үш қыз бас тартқаннан кейін де мазасын алған.

Диананың сөзінше, ер адамдардың бірі оны қойға теңеген. Әйел оған жауап бергенде, әлгі ер адам оған шыныаяқ лақтырған. Стақан бетіне тиіп, тісі сынған, ерні жарылып, қолына шыны кіріп кеткен. 

Оқи отырыңыздар: «Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды

Оқиғадан кейін ер адамдар полиция келгенше тамақтанатын орыннан кетіп қалған. Ал жараланған қыздар полицияны күтіп, кейін медициналық көмекке жүгінді.

Шымкент қалалық Полиция департаменті әйелдің беті мен қолы жарақаттанғанын растады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, қамауға алынды», - деді қалалық ПД өкілі.

Біздің Instagram және TikTok желісіндегі парақшаларымызға жазылыңыздар.