Алматыда «Әділет» партиясының сайлауалды штаб өкілдері №29 қалалық емхана ұжымымен денсаулық сақтау саласындамыту мәселелерін талқылады

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері №29 қалалық емхананың еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда медициналыққызметтердің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық көмекті жетілдіру және халық денсаулығын нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алатау аудандық сайлауалды штабының мүшелері және емхана қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ауруларды ерте диагностикалау, профилактикалық шараларды күшейту және ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар 2031 жылға қарай халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған міндеттер қарастырылды. Қатысушыларға партия бағдарламасындағы тұрғын үй саясатының басымдықтары да таныстырылды. Атап айтқанда, 2031 жылға дейін бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 33 шаршы метрге жеткізу және жалпы көлемі 16,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғаны айтылды.

Жиын соңында сайлауалды штаб өкілдері емхана қызметкерлерін 29 қарашада өтетін Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлауқорының қаражатынан төленді.